Австралияда мұхитты ластамаудың тың тәсілі табылды
Австралияда мұхиттың ластануымен күресудің тың тәсілін ойлап тапты. Мамандар судағы биоалуандылықты сақтау үшін арнайы бөгет тұрғызған. Бір қызығы, ол бөгет 3Д принтерімен жасалған. Мұндай дамбалар жоқ жерде түрлі тірі ағзалардың саны 30 процентке кем дейді мамандар. Олардың айтуынша, су сапасы да арта түскен.
24.kz