Әлемнің 136 елі «жаһандық салыққа» келісті
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдері жаһандық корпорациялардың қызметіне бірыңғай салық енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді
Келіссөздерге қатысқан 140 елдің 136-сы 15% салық жинауға келісім берді. Олардың үлесіне әлемдік ЖІӨ-нің 90%-дан астамы тиесілі. Реформа жүздеген ірі компанияларға қатысты екені аталып өтілді және ол 125 миллиард долларды қайта бөлуге мүмкіндік береді. «Келісім ХХІ ғасырдың нақты салық революциясына жол ашады. Бұл революция, өйткені біз енді қайта оралмаймыз. Бұл салық революциясы, өйткені ол салық салуды әділетті етеді», - деді Франция қаржы министрі Брюно ле Мэр.
inform.kz/kz