Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ коронавирустың шығу тегін зерттейтін жаңа ғалымдар тобын таныстырды

ДДСҰ коронавирустың шығу тегін зерттейтін жаңа ғалымдар тобын таныстырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дың шығу тегін және басқа да ауруларды анықтаумен айналысатын жаңа ғалымдар тобын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.

Топ құрамында АҚШ және Қытай, сондай-ақ 24 елдің ғалымдары бар. Олар қоғамдық кеңестердің қысқа кезеңінен кейін ресми түрде рәсімделеді. Топ Жаңа қоздырғыштардың пайда болуы бойынша ғылыми-кеңес беру тобы (SAGO) деп аталды. Ғалымдар коронавирустың шығу тегін зерттеумен қатар, болашақта өршуі мүмкін вирус ошақтарын анықтаумен айналысады.

SAGO құрамында ДДСҰ-ның осының алдындағы миссия мүшелері де болады, алайда топта көбіне жаңа ғалымдар. Ұйым өкілдерінің сөзінше, осы сала бойынша мамандандырылған 700-ге жуық адам команда құрамында болуға өтініш тастаған. Олар екі жыл бойы ешқандай ақысыз жұмыс істейтін болады.

ДДСҰ жаңа аурулар бөлімінің басшысы Мария ван Керкхове топ Қытайда және басқа да елдерде жаңа миссияларды орындайды деп үміттеніп отыр.
14 қазан 2021 ж. 441 0