Ірі динозаврдың қаңқасы 1,5 млн еуроға бағаланып отыр

Оны Париждегі ДРУО (Drouot) аукционы саудаға қойған. «Үлкен Джон» деп аталатын бұл қаңқа 2014 жылы Оңтүстік Дакотадан табылған. Ұзындығы 8 метр. Ең ірі динозавр ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мамандар динозаврдың қаңқасын шамамен 1,5 млн еуроға бағалап отыр.