Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға батқан ағайындыларды іздеу кезінде: Ақтауда жағажайдан адамның қаңқасы табылды

Суға батқан ағайындыларды іздеу кезінде: Ақтауда жағажайдан адамның қаңқасы табылды

Ақтаудағы жағажайлардың бірінен адамның қаңқасы табылды. Оның кімге тиесілі екені белгісіз.

Тұрғындар адам қаңқасын 8 шілдеде Tree of life демалыс базасының аумағынан тауып алған. 
Куәгерлердің сөзінше, болжам бойынша «Шора» су арнасына батып кеткен ағайындыларды іздестіру барысында адамның қаңқасы табылыпты. Іздестіру жұмыстарына тартылған ат сол жерді қазғанда, астынан қаңқа шыққан.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама тағайындалды. 
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда суға  батып  кеткен ағайындылардың табылмай жатқанынхабарлаған едік.
10 шілде 2019 ж. 902 0