Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Беларусьта коронавирустың жаңа штамы тіркелді

Беларусьта коронавирустың жаңа штамы тіркелді

Беларусьте коронавирустың жаңа штамы тіркелді. Бұл туралы Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – бас санитарлық дәрігер Александр Тарасенко «Беларусь 1» телеарнасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі кезде көбіне дельта-штамм анықталып жатыр, алайда қыркүйектің басынан бері біз вирустың дельта лайт штамын байқай бастадық. Әзірге екеуінің арасында қатты айырмашылықты көрмедік, ондай жағдайлар аз», деді Александр Тарасенко.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, дельта лайт штамы басқа штамдарға қарағанда адамнан адамға тезірек жұғады.
«Бұрын вирус 15 минут және одан көп уақыт ішінде жұғатынын айтқан едік, жаңа штаммды жұқтыру үшін ауырған адамның қасында екі минут болу да жеткілікті», деді ол.
Аталған дертке көбіне 30-30, 40-49 жас аралығындағы адамдар шалдығып жатыр.
«Минскіде, басқа өңірлерге қарағанда, вирус жұқтырып жатқандардың басым бөлігі 18-29 жастағы азаматтар», деді Александр Тарасенко.
Аурудың клиникалық көрінісінде бірқатар айырмашылықтар байқалды. Атап айтқанда, бұрын аурудың ауыр кезі 7-8-ші күн болса, қазір ол 3-4-ші күнге келеді.
24 қазан 2021 ж. 372 0