Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байден Германияны Украинаға берген уәдесін орындауға шақырды

Байден Германияны Украинаға берген уәдесін орындауға шақырды

Джо Байден Германия билігін газ мәселесі бойынша Украинаға берген уәдесін орындауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«АҚШ Президенті Джо Байден Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуде «Солтүстік ағын - 2» құбырының құрылысына байланысты Украинаға берілген уәделерді орындау қажеттілігі туралы айтты», деп хабарлады Ақ үй.
«Президент Байден Ресей табиғи газды өзіне тиімді саяси мақсаттарда басқара алмайтындығына кепілдік беру, Украинаның және Еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті қолдау үшін АҚШ пен Германияның бірлескен мәлімдемесін одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті», делінген баспасөз хабарламасында.
Санкциялар арқылы «Солтүстік ағын – 2» құрылысын тоқтатуға тырысудан бас тартып, АҚШ Германиямен Украинаның энергетикалық тәуелсіздігін сақтау ниеті туралы мәлімдеме таратты. Бұл Еуропаға балама жеткізілім бағыты енгізілгеннен кейін Ресей газының транзитінен қаражат жоғалтуы мүмкін.
Ресей билігі саяси мүдде аясында «Солтүстік ағын – 2» туралы айтуды тоқтатуға шақырды. «Бұл барлық тарапқа пайдалы коммерциялық жоба екені сөзсіз» дейді Ресей билігі. Бұл көзқарасты Германия билігі де ұстанып отыр.
Байден Римдегі G20 саммитінің алаңында қызметімен қоштасқалы отырған Меркельмен Ауғанстандағы жағдайды талқылады және 35 мың ауған босқындарын АҚШ-қа көшуге дайындық кезінде қабылдауға келіскені үшін алғыс айтты.
31 қазан 2021 ж. 502 0