Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Джо Байден: Трамп билікті бейбіт жолмен беруден бас тартса, көп адам өлуі мүмкін

Джо Байден: Трамп билікті бейбіт жолмен беруден бас тартса, көп адам өлуі мүмкін

Джо Байден Трампқа биліктің ауысуы туралы ескерту жасап, "көптеген адамдар өлуі мүмкін" деді.
Джо Байден егер Дональд Трамп биліктің бейбіт жолмен берілуінен бас тартса, "көп адам өлуі мүмкін" деп ескертті.
АҚШ-тың сайланған президенті сонымен бірге Трамп әкімшілігін коронавирустық вакцинация жоспарларын өз командасымен бөлісуге шақырды. Трамп сайлаудағы Байденнің жеңісінен бас тарту арқылы ресми өтпелі процесті кешіктіріп жатыр.
–Біз әкімшіліктің тарату жоспарына қаншалықты тезірек қол жеткізе алсақ, соғұрлым бұл ауысу тезірек алға жылжиды. Егер біз өзара сәйкеспесек, көптеген адамдар өлуі мүмкін,–деді Байден.
300 миллионнан астам америкалықты қалай вакцинамен қамтамасыз ету тақырыбын көтерген Байден "ойын жоспары қандай? Мұны аяқтау және мұқтаж жандарға басымдық беру және осы проблеманы шешу өте үлкен міндет" деді Байден.
qamshy.kz
17 қараша 2020 ж. 558 0