Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та президенттік сайлау басталды

АҚШ-та президенттік сайлау басталды

Бірінші болып Нью-Гэмпширде штатындағы сайлау учаскелері ашылды.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі президент Дональд Трамп Миллсфилд қаласында 16 дауыс жинап, жеңіске жеткен. Ал демократ Джо Байден Диксвилл-Нотчте қарсыласынан басым түсіпті. Бір айта кетерлігі, аталған өңірде дауыс беру небәрі бірнеше минутқа ғана созылған. Кейін оның қорытындысы фейсбуктегі тікелей эфир барысында көрсетілген. Оған сәйкес, 5 адам Байденді қолдаса, Трампқа бірде-бір сайлаушы дауыс бермеген.
24.kz

03 қараша 2020 ж. 623 0