Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп Ресей мен Қытай көшбасшыларына "АҚШ-тың құрдымға кеткенін тілейді" деп айып тақты

Трамп Ресей мен Қытай көшбасшыларына "АҚШ-тың құрдымға кеткенін тілейді" деп айып тақты

Дональд Трамптің пікірінше, Ресей басшысы Владимир Путин мен Қытай президенті Си Цзиньпин АҚШ билігіне демократиялық партия өкілі Джо Байденнің келуін "Құдайдан тілейді". Бұл туралы ол тілшілерге айтып берді,

"Си, Путин, барлығы біздің елді сыдыру үшін ұйқыға жатарда Джо Байден немесе соған ұқсас біреу президент болуын тілейді", — дейді ол. 
19 маусым күні Трамп 2020 жылы жоғарғы билік үшін міндетті түрде күш сынасатынын айтты. Трамптың ойынша, ол ұтылып қалса, әлем қорқынышты күй кешеді. Оның сөзіне сенсек, билік "америкалықтар секілді іс жүргізбейді", ал демократтар "сізді және біз білетін елді құрдымға кетіруді қалайды".
АҚШ-та президенттік сайлау 2020 жылдың 3 қарашасына жоспарланған. Трамптан бөлек президентікке саясаткер-дипломат Джозеф Байден, Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Уильям Уэлд, Нью-Джерсиден сенатор Кори Букер, Нью-Йорк штатынан кіші сенатор Кирстен Джиллбранд, жазушы Марианна Уильямсон үміткер.

https://stan.kz 

14 шілде 2019 ж. 702 0