Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Путин ұятты жағдай туралы айтып көзіне жас алды

Путин ұятты жағдай туралы айтып көзіне жас алды

Ресей президенті Владимир Путин ұятты әрекеті туралы айтқанда көзіне жас алды.

Ресей басшысы тікелей эфир кезінде сұраққа жауап берді. Путин 2000 жылдардағы оқиғаны баяндады. Жұмыс сапары кезінде оның алдына тізерлеп тұрып әйел адам жығылып, хатты беруін өтінген. Алайда көмекшісі хатты жоғалтып алған екен. 
"Мен ол хатта не болғанын болжай аламын, тіпті сенімді айта алам. Онда анасы түрмедегі ұлы үшін көмек сұрады немесе осыған ұқсас жағдай болды. Бірақ мәселе онда емес, мәселе хатты жоғалтып алғанымызда", - деді Ресей президенті. 
Бұл үшін әлі күнге дейі ұялатынын жеткізді. Бұған дейін Владимир Путин өзі айтқан тапсырмасы орындалмаған жағдайда қатты ұялатынын айтқан. 
Президентпен тікелей байланыс 17-рет өтіп отыр. Ол 4 сағат 16 минутқа созылды. 
Былтыр 7 маусым күні өткен еді. Ғаламтордан 12 млн адам қараған. Президент 4 сағаттан астам уақыт сұрақтарға жауап берді. Ол кезде студияда қонақтар болған жоқ.

http://stan.kz  

21 маусым 2019 ж. 867 0