Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Африка елдерінде вакцина салдырғысы келетіндер көбейді

Африка елдерінде вакцина салдырғысы келетіндер көбейді

Бұған коронавирустың жаңа штамы себеп. Омикрон өткен аптада Оңтүстік Африка Республикасынан анықталған.
Осыдан кейін көп ел шекарасын жауып, әуе қатынасын шектесе де індет жаппай таралып барады. Негізі Африка елдерінде вакциналау ісі кенжелеп тұр. Бүкіл құрлық бойынша екпенің қажетті екі компонентін қабылдаған тұрғындардың үлесі 10 процентке де жетпейді. Сарапшылар жаңа штамның тез тарауының да бір себебі осыған байланысты болуы мүмкін деп болжайды. Енді халықаралық қауымдастық әлемді құрлық тұрғындарын қажетті препаратпен қамтамасыз етуге шақырып отыр.
Давджи Бхимджи Ателла, Кения дәрігерлері одағының бас хатшысы:
- Біз әлі вакцина салдырмаған тұрғындарды тезірек екпе қабылдауға шақырамыз. Билік те қолдан келгенше препараттардың қолжетімділігін арттыруы тиіс. Мәселен, вакциналау бекеттерін көшеде, аялдамада, қоғамдық көлікте, керек десеңіздер түнгі клубтың ішінде ұйымдастыру керек. Бұған дейін дельта штамынан қалай қорғансақ, омикроннан да сақтану үшін осындай шаралар қолдануымыз қажет. Яғни вакциналау қарқынын арттыруымыз тиіс.

24.kz
01 желтоқсан 2021 ж. 477 0