Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда вакциналау жұмыстары жалғасуда

Аралда вакциналау жұмыстары жалғасуда

Жұқпалы індетті ауыздықтаудың төте жолы - ауруға қарсы вакцина қабылдау. Себебі, вакциналау шарасының ұжымдық иммунитет қалыптастыруда ықпалы зор.
Осы орайда, аудан халқын күннен күнге өсім алып келе жатқан коронавирус инфекциясының ауыр салдарынан арашалау мақсатында вакциналау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Қазіргі таңда аудан тұрғындарының аудан орталығындағы Байтұрсынов емханасының 3 қабатында вакцина қабылдауға мүмкіндіктері бар. Егу шаралары таңғы 08:30-дан түнгі 24:00 аралығында, демалыс күндерге қарамастан жүзеге асырылады.
Сонымен қатар бүгін аудан орталығынан бөлек Сексеуіл кенті мен Аманөткел ауылдық округінің емханаларында жылжымалы вакцина егу жұмыстары жүргізілуде.
Барша аудан тұрғындарын індетті тежеудің тиімді жолы вакциналау шарасына белсене қатысып, жеке бастың саулығы мен отбасының, елдің амандығы жолында жауапкершілік танытып, екпе қабылдауға шақырамыз!

"Толқын" ақпарат 
04 мамыр 2021 ж. 556 0