Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданға вакцинаның тағы 900 дозасы жеткізілді

Ауданға вакцинаның тағы 900 дозасы жеткізілді

Ауданымызға әлемді жайлаған коронавирус инфекциясына қарсы 900 доза вакцина жеткізілді.
Айта кету керек, өткен айда өңірде 210 адамға СOVID-19-ға қарсы екпе салынған болатын. Олардың басым бөлігі медицина саласының өкілдерін құрайды.
Егу шарасына білім, құқық қорғау саласының қызметкерлері және жеке кәсіпкерлік ұйымдардың өкілдері белсенділік таныта бастады. Бүгінгі күннің өзінде 40 адам вирусқа қарсы екпе қабылдап үлгерді.
Екпе салдыру тегін әрі ерікті түрде жүргізіледі. Вакцина 18 жасқа дейінгі балалар мен 64 жастан асқан адамдарға салынбайды. Ауданда вакциналау жұмыстарын жүргізу үшін "Байтұрсынов" ауылдық емханасында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай екі егу бөлмелері дайындалған. Екпе егуге 4 дәрігер, 6 медбике және 2 медициналық тіркеуші мамандар жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, дертті жұқтырғандардың арта түсуіне орай өткен аптадан бастап облысымыз "сары" аймаққа енді. Әзірге індетті жеңудің жалғыз әрі төте жолы - коронавирусқа қарсы егілу. Сондықтан барша аудан тұрғындарын өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін ерікті түрде екпе қабылдауға шақырамыз!




"Толқын" ақпарат
15 сәуір 2021 ж. 642 0