Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралға індетке қарсы 2700 доза екпе жеткізілді

Аралға індетке қарсы 2700 доза екпе жеткізілді

Кеше ауданға коронавирус инфекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасының 2700 дозасы келді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Жұқпалы коронавирус инфекциасына қарсы екпені ерікті түрде аудан орталығындағы Байтұрсынов емханасына барып қабылдауға болады. Егу шаралары емхананың үшінші қабатында демалыс күндеріне қарамастан жүргізіледі. Жұмыс уақыты таңертеңгі 08.30-ден - 24.00 аралығы.
Бұдан бөлек, аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердегі вакцина қабылдауға ниетті аудан азаматтарына арнайы дәрігерлер жасағы жеткізу қызметі арқылы вакциналау шараларын жүргізуде.

"Толқын" ақпарат
03 мамыр 2021 ж. 430 0