Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы азаматтарына 1800 доза екпе толықтай егілді

Арал ауданы азаматтарына 1800 доза екпе толықтай егілді

Апта басында коронавирусқа қарсы ауданға жеткізілген 1800 доза вакцина бүгін аудан азаматтарына толықтай егіліп болды.
Соңғы тəуліктегі егу шараларының қорытындысымен 860 аралдық індетке қарсы екпе қабылдап үлгерді.
Еске сала кетейік, екпенің 1-ші компонентін салдырған азаматтар дəрігердің толықтай бақылауында. Вакцина қабылдағандардың жағдайы бірқалыпты, ешқандай шағымдану дерегі анықталған жоқ.
Барша аудан тұрғындарын аурумен күрес жолында санитарлық талаптарды берік ұстанып, инфекцияға қарсы екпе қабылдауға шақырамыз. Себебі, қазіргі сəтте індетті жоюдың бірден бір тиімді жолы – вакцинациалау болып табылады.
"Толқын" ақпарат
01 мамыр 2021 ж. 748 0