Арал ауданы: эпидемиологиялық ахуал күрделенуде

– Қазіргі таңда коронавирус инфекциясынан қорғанудың сенімді жолы – бұл коронавируске қарсы егілу-қоғамдық, ұжымдық иммунитеттерді қалыптастыру. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 1110 доза вакцина келді, 430 адам егілді, егу шаралары әлі де жалғасуда. Сондықтан аудан тұрғындарын коронавирусқа қарсы егу шарасын алуға шақырамыз. Бұл – індетке қарсы тұрудың бірден-бір амалы. Себебі, ауданда бүгінгі күнге дейін 57 науқас тіркелді. Сақтық шараларын сақтағанымыз жөн, – дейді Арал ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Сатекеева.
"Толқын" ақпарат