Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында аудан тұрғындары коронавирус вакцинасын ала бастады

Қызылорда облысында аудан тұрғындары коронавирус вакцинасын ала бастады

Қызылорда облысында аудан тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцина салдыра бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Вакцина наурыз айынның басында аудандарға жеткізілген болатын. Алғашқы кезеңде облыстың солтүстік бөлігіндегі Аралда – 210, Қазалыда 300 доза егілді.
«Наурыз айының алғашқы онкүндігінде 149 медицина қызметкері екпенің бірінші компонентін алды. Енді олар 21 күннен соң екінші компонентін қабылдайтын болады. Екпеден соң ауырсыну секілді қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Бүгінде ауданда вирусқа қарсы дәрі қоры мен қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті», – деді Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыт Алишева.
Ал Арал ауданында вакциналау жұмыстарын жүргізу үшін емханада санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарға сай егу бөлмелері дайындалды. Сондай-ақ, екпе егуге 4 дәрігер, 4 медбике және 2 медициналық тіркеуші маман жұмылдырылды.
«Қазір екпе салдырған азаматтар біздің дәрігерлердің бақылауында. Енді қалған дозалар алдағы уақытта кезең-кезеңімен жеткізілетін болады», – деді Арал ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Марат Ршымбетов.

inform.kz

19 наурыз 2021 ж. 552 0