Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпенің еш кері әсерін байқаған жоқпын – қызылордалық дәрігер

Екпенің еш кері әсерін байқаған жоқпын – қызылордалық дәрігер

Қызылордада коронавирус инфекциясына қарсы екінші мәрте вакцина салдырғандар арасында көпбейінді облыстық балалар ауруханасының 15 қызметкері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, 22 ақпаннан бастап өңірде вакцинаның екінші дозасын егу басталды. Облысқа ақпан айының алғашқы күнінде «Спутник V» вакцинасы жеткізіліп, нәтижесінде 1000 адамға екпе егілді. Олардың басым бөлігі - медицина қызметкерлері.
Екпе қабылдаған азаматтарға араға үш апта салып екінші мәрте екпе егу жүргізілуде.
Айта кетерлігі, 2 наурызға дейін 505 адам екінші мәрте вакцина салдырған болатын. Олардың қатарын кеше тағы 50 адам толықтырды.
Екпе қабылдаған тұрғындар қатарында көпбейінді облыстық балалар ауруханасының 15 қызметкері бар. Мамандардың айтуынша, бұл жолғы екпе алдыңғы вакцинаның әсерін күшейтеді.
«Әлемді коронавирус инфекциясынан қорғану - басты міндетіміз. Қатерлі індетті сақтық шараларын толыққанды жасағанда ғана жеңе аламыз», - деді аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәулебек Ысқақов.
Оның айтуынша, вакцина ағзадағы қорғаныс қабілетін арттырады. Ол аурудың алдын алуға септігін тигізеді. «Өзім ерікті түрде 1 ақпанда екпе қабылдадым. Арада үш аптадай уақыт өтті. Екпенің еш кері әсерін байқаған жоқпын. Сол себепті екпенің екінші кезеңінен өттім», - деді аурухананың бас мейірбикесі Забира Алмурзаева
03 наурыз 2021 ж. 429 0