Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралға індетке қарсы 1800 доза екпе жеткізілді

Аралға індетке қарсы 1800 доза екпе жеткізілді

Кеше ауданымызға коронавирус инфекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасының 1800 дозасы жеткізілді.
Ауырмаудың жолын іздеген барша аудан тұрғындары ерікті түрде аудан орталығындағы "Байтұрсынов" емханасына барып, індетке қарсы екпені қабылдауына болады.
Егу шаралары емхананың үшінші қабатында жүргізіледі. Жұмыс уақыты таңертеңгі 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін.

"Толқын" ақпарат 

26 сәуір 2021 ж. 445 0