Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Құрметті аудан тұрғындары!
Әлемді жайлаған коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны күннен күнге артуда. Әзірге қауіпті індетке тосқауыл қоюдың бірден-бір жолы – вакцина. Осы орайда ауданымызда екпені алғашқы болып: дәрігерлер, полицейлер, мұғалімдер мен мемлекеттік сала қызметкерлері кезең-кезеңімен қабылдауда.
Ауданымызда екпе егу жұмыстары Арал қаласы, Жеңіс алаңы 9, А.Байтұрсынов ауылдық емханасының 3-қабатындағы 305-307 кабинеттерінде жүзеге асырылуда. Вакцина салдыру азаматтар үшін тегін әрі ерікті түрде жүргізіледі. Вакцинаны алмас бұрын кез келген адам бірінші дәрігердің толыққанды тексерісінен өтеді және ешқандай қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана екпені салдыра алады.
Өңіріміздегі барша жанашыр жандарды індетке қарсы екпе салдыруға шақырамыз!
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
19 сәуір 2021 ж. 545 0