Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда вакцинациялау жалғасуда

Ауданда вакцинациялау жалғасуда

Ауданда ерікті түрде вакцина салу жұмыстары кезең-кезеңімен жоспарға сәйкес жүргізілуде. Еске сала кетейік, күні кеше ауданға короновирус инфекциясының алдын алуға байланысты білім саласы мен құзырлы орган қызметкерлеріне салынатын 900 доза вакцина жеткізілген болатын.
Бүгінгі егу шарасына аудандық полиция бөлімінің басшысы Әміржан Өтегенов бастаған қызметкерлер белсене қатысты. Бұдан бөлек індеттің жолын кесуді көздеген аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова бастаған барлық мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, білім саласының қызметкерлері мен аудандық төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері де ерікті түрде бірауыздан вакцина қабылдады. Айта кетейік, кеше егуге жауапты медицина қызметкерлері 180 ерікті аудан тұрғынына вакцина салды.
Барша аудан тұрғындары мен қонақтарына өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін ерікті түрде екпе қабылдауға қатысуға кеңес береміз.


"Толқын" ақпарат 
16 сәуір 2021 ж. 481 0