Мектеп басшысы вакцина салдырды

– Біз оқушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Сондықтан оларға қауіпті кеселді жұқтырып алмау – біздің басты міндетіміз. Мен сол себепті екпе салдырамын деген шешімге келдім. Сәті түсіп, бүгін "А.Байтұрсынов" ауылдық емханасында екпе алдым. Менде аса бір құбылыс болған жоқ. Кері әсерін байқаған жоқпын. 30 минут күту залында аялдаған соң, жұмысыма қайта оралдым. Онан соң да дәрігерлер қоңырау шалып, жағдайымды сұрап жатыр. Менде бәрі қалыпты,– деді ол.
Сондай-ақ Жасұлан барша әріптестерін вакцина алуға шақырды. Оның сөзінше, мұның ешқандай кері әсері жоқ көрінеді. Бүгінде дерт қайта ушығып тұрған шақта вакцина салдыру аурудан құтылудың жалғыз жолы болып отыр.
«Толқын» ақпарат