Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакциналаудың арқасында эпид ахуал ушыққан жоқ – Алексей Цой

Вакциналаудың арқасында эпид ахуал ушыққан жоқ – Алексей Цой

Соңғы аптада вакцианалаудың қарқын алуы коронавирустың таралуын тежеген. Денсаулық сақтау минисрі Алексей Цой Үкімет отырысында осылай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елімізде кейінгі кезде вакциналау қарқыны артып келеді. Өткен аптада вакцина салдырғандардың саны 250 мың адамнан 405 мың адамға өскен. Біз вакциналаудың тиімділігіне талдау жасап көрдік. Сәуір айынан бастап маусымға дейін екпе алғандар санының 1,3 млн адамнан 3,2 млн адамға дейін өсуі індет жұқтыру жағдайларын екі есе азайтқаны байқалады. Осыған байланысты Дельта штамы анықталған күннің өзінде вакциналау эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына жағымды әсер етіп жатқанын айту қажет», деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Министрдің сөзіне қарағанда бүгінге дейін қазақстандықтар 5,2 млн доза вакцина ны пайдаланған, Оның ішінде 1-компоненті бойынша 3 246 795 адам немесе тиісті халықтың 32,8% екпе алған. Екінші компонентпен 1 954 372 адам қамтылған.
29 маусым 2021 ж. 373 0