Өзбекстанда 49 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде вакциналаудың жақсы қарқыны Ташкент қаласында жүріп жатыр, мұнда 9390 адамға екпе салынған. Самарқанда 6334 адамға, Әндіжанда – 4962 адамға, Ташкент облысында – 4984 адамға және Наманғанда – 4789 адамға вакцина егілді. Сәуір айының ішінде Ташкент, Нүкіс (Қарақалпақстан Республикасы), сондай-ақ елдің облыс орталықтарында барлығы 142 мың адамға екпе салу жоспарланып отыр.
Вакциналау екі препаратпен жүзеге асырылып отыр: арада бір ай салып екі мәрте салынатын AstraZeneca мен Қытай мен Өзбекстанның бірлесіп шығарған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы.
Еске сала кетсек, Өзбекстанда тұрғындарды вакциналау біртіндеп жүргізіледі: сәуір айында вакциналау әуелі ірі қалаларда, мамырда аудан орталықтары мен шағын қалаларда, ал маусым айында – ауылдық жерлерде жүргізілетін болады. Үш айдың ішінде 4 миллионнан астам адамға екпе салдырту жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарда ел бойынша вакциналаудың 3138 пункті мен 862 мобильді бригадасы құрылған.