«Омикрон» штамы әлемнің 77 елінде тіркелді – ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың жаңа омикрон штамы ресми түрде анықталмаса да, әлемнің көп елінде таралғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.
ДДСҰ басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін 77 елде омикрон штамы тіркелген.
«Шындық мынада, омикрон көп елде болуы мүмкін, тіпті ол әлі анықталмаған болса да. Штамм басқа нұсқаларда байқамаған жылдамдықпен таралады», деді Гебрейесус.