Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Финляндия туристерді қайтадан қабылдай бастады

Финляндия туристерді қайтадан қабылдай бастады

Финляндия туризм саласын қайта жандандырады. Рождество қарсаңында Санта Клаус ауылы саналатын Лапландия саяхатшыларды қабылдай бастады.
Олардың көбі Ұлыбритания, Испания, Италия және Дубайдан келгендер.
Жергілікті турагенттік мамандарының айтуынша, биыл бұл аймақ саяхатшыларды қабылдау бойынша  індетке дейінгі көрсеткіштің 70-80 процентін орындауға тиіс. Ал азаматтық авиация өкілдері елге кірген ұшақ саны 2019 жылдығымен салыстырғанда 90 процентке тең.
Қазір Финляндия аумағына өту үшін шетелдіктер вакцина алғанын растауы қажет емес. Тек ПТР тест анықтамасын ұсынуы тиіс.

24.kz
16 желтоқсан 2021 ж. 668 0