Мекке зиярат етушілерді қабылдауды бастады
![](/uploads/posts/2020-10/medium/1601892719_df756225dd52f59042edd32a3ba1c388_l.jpg)
Жеті айға созылған тыйымнан кейін жергілікті билік кіші қажылық рәсімдерін орындауға қайта рұқсат беріп отыр. Билік өкілдерінің айтуынша, Ұмра маусымы кезең-кезеңімен ашылады. Әзірге оны тек жергілікті халық пен эмигранттар атқара алады екен. Ал 1 қарашадан бастап, кіші қажылық рәсімін орындауға шетелдіктерге де рұқсат берілмек. Айта кетейік, індет кесірінен тек мыңға жуық мұсылман қажылық жасады.