Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл қажылыққа баратын қазақстандықтар қасиетті сапар үшін қанша төлейді?

Биыл қажылыққа баратын қазақстандықтар қасиетті сапар үшін қанша төлейді?

Қажылық парызын өтеуге аттанатын қазақстандықтар Сауд Арабиясында 15-20 күндей болады
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Биыл үлкен қажылық маусымы 11 тамыз – Құрбан айттың бірінші күніне белгіленіп отыр. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биыл үлкен қажылық маусымы 11 тамызға Құрбан айттың алғашқы күніне белгіленіп отыр. Құрбан айтқа он күн қалғанда, 4-5 тамыз кезінде 3200-ге жуық отандасымыз Сауд Арабиясына аттанады", - деді Бекжігітов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Қажылық парызын өтеуге аттанған қазақстандықтар Сауд Арабиясында 15-20 күндей болады.
"Яғни, 4-5 тамыз кезінде жаппай аттанса, 25-не дейін барлығы елге келеді деп жоспарланып отыр", - деді ол.
Оның айтуынша, қасиетті сапарға бару үшін бір адам 4 мың доллардан кем жұмсамайды.
https://sputniknews.kz/
06 мамыр 2019 ж. 1 244 0