Екі кедей көршінің сыйластығы

Жігіт ойланбастан келіседі. Содан қажылық маусымы жақындап, жігіт жолға шығады. Қолында әлгі қомақты аманат болады. Меккеге жетіп, қажылық рәсімдерін орындап болған соң, Мәдинаға бет алады. Ол жерде жергілікті халықтан ең кедей тұрғын туралы сұрастырады. Содан бір жесір әйелдің үйіне келеді. Қараса расымен де жағдайы төмен секілді көрінеді. Есікті қағып, мән жайды түсіндіреді. Алайда, жесір әйел оған:
— Менің көршім бар. Оның жағдайы менен де төмен. Мүмкін бұл ақшаны соған берерсің, — дейді. Көршінің есігін қағып, оған көршісі жібергенін айтады. Сонда ол:
— Жоқ, ол екеуміздің жағдайымыз бірдей. Сондықтан бұл ақшаны екеумізге тең бөліп бергенің абзал. Себебі, мен тоқ жатып, көршім аш болғанын қаламаймын, — деген екен. Осылайша Мәдина халқының көркем қасиеттеріне таңданған күйі әлгі жігіт ақшаны екі көршіге тең бөліп, еліне оралыпты.