Қажылық маусымының қашан басталатыны белгілі болды

Мұсылмандар діни басқармасы жанынан 12 адамнан тұратын арнайы қажылық миссиясы құрылды. Оның құрамына 8 басқарма өкілі, дін істері комитетінің өкілі және 3 дәрігер кірді. Миссияның төрағасы - бас мүфтидің орынбасары Алау Әділбаев.
Оның сөзінше, жыл санап қажылыққа баратын қазақстандықтар саны артып келеді. 1990-2019 жылдар арасында азаматтарға Сауд Арабиясы тарапынан 56 635 қажылық квота бөлінген. 1990 жылы 50 квота бөлінсе, бүгінде саны 3200-ге жетіп отыр.