Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа туған сәбиді далаға тастап кеткен: Қаңғыбас ит нәрестені түнімен бауырына басып, жылытып, аман алып қалған:

Жаңа туған сәбиді далаға тастап кеткен: Қаңғыбас ит нәрестені түнімен бауырына басып, жылытып, аман алып қалған:

Үндістанда тастанды сәбиді қаңғыбас ит құтқарып қалды. Оқиға Чхаттисгарх штатында болған. Ит сәбиді адамдар келгенше жылытып жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.

Жаңа туған нәрестені елді мекендердің бірінде түнде тастап кеткен. Киімсіз жатқан сәбиді қаңғыбас ит тауып алған. Ол күшіктерін ертіп әкеп, адамдар келгенше жылытып жатқан.

Шақалақты таңертең жұмысқа бара жатқан жергілікті тұрғындар тауып алған.

"Ит пен күшіктердің дене жылуы баланы аман алып қалған секілді. Қазір желтоқсан, түнде қатты салқын болады. Қыздың жолы болды деуге болады", - деп айтты нәрестені тауып алған ер адамдардың бірі.

Тұрғындардың айтуынша, қаңғыбас иттердің барлығы бірдей емес және қорғансыз сәби олардың құрбаны болуы да мүмкін еді. Қазір қыз ауруханаға жеткізілген, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Нәрестеге Аканша деген есім берген. Қазір полицейлер нәрестенің ата-анасын іздеп жатыр.

Бұған дейін Англияның Бирмингем қаласында серуенде жүрген ит бұталар арасында жатқан сәбиді тауып, құтқарып қалған еді.
24 желтоқсан 2021 ж. 837 0