Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер адам терезеден құлаған 3 айлық сәбиді қағып алды

Ер адам терезеден құлаған 3 айлық сәбиді қағып алды

Куәгер терезеден лақтырылған сәбиді құтқарып қалды. Оқиға Ресейдің Свердлов облысында болды.

6 маусым күні кешкілік ішімдікке масайып қалған ер адам терезеден 3 айлық сәбиді лақтырып жібереді. Ер адам сәбиді 1-қабаттың терезесінен лақтырды.
Оқиға кезінде баланың анасы дүкенге шығып кеткен. Баласын мас күйдегі ер адамның жанында қалдырған. 
Сәби жарақат алған жоқ. 44 жастағы ер адам терезесінің шағылған даусын естиді. Дауыс шыққан жаққа қарай барғанда қолына бала ұстаған адамды көреді. Куәгер жүгіре барып сәбиді қағып үлгереді. 
Бала жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Алдағы уақытта сәбиді үйіне шығарады. 
Баланы лақтырға ер адамды полиция ұстады. Оған "Кәмілетке толмаған баланы өлтіруге оқталу" бабы бойынша айып тағылды. Ал, баланы құтқарған ер адамды марапаттайды.

http://stan.kz  

11 маусым 2019 ж. 1 110 0