Ресейдің Түмен облысында мұнай зауыты өртенді
ҚазАқпарат – ТАСС – Ресейдің Түмен облысында Антипин мұнау өңдеу зауытында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Антипин мұнай өңдеу зауытында өрт шыққаннын растаймын», - деді агенттік дереккөзі тілшінің сұрағына жауап бере отырып. ТАСС дереккөзінің мәліметінше, ешкім зардап шекпеген. Антипин мұнау өңдеу зауыты - Ресейдің ірі тәуелсіз мұнай өңдеу зауыты, ол Түменнің өндіріс аймағында орналасқан. Ол магистральдық мұнай құбырына (қуаты жылына 7,5 млн тонна) және мұнай өнімдері құбырына (қуаты жылына 2,3 млн тонна) қосылған. 2016 жылы, Forbes рейтингісіне сәйкес, компания Ресейдегі 200 ірі жеке компанияарасында табыс көлемі бойынша 43-орынға ие болды.