Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бразилиядағы үлкен су бөгеті 5 қалаға қауіп төндіріп тұр

Бразилиядағы үлкен су бөгеті 5 қалаға қауіп төндіріп тұр

Бразилияның оңтүстік-шығысына қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Хабар 24.
Аймақтағы үлкен бөгет кез келген уақытта жарылуы мүмкін. Дронның көмегімен түсірілген бейне-жазба су деңгейінің жылдам көтеріліп келе жатқанын айғақтайды. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Бірнеше күннен бері толассыз құйған нөсер әлі бір апта жауады деген болжам бар.

Билік дайындықтың ең жоғары деңгейін жариялап, қауіпті аумақтағы тұрғындарды шұғыл көшіруге кірісті.

Бөгет бұзылуы мүмкін. Қаламыз бірден су астына кетеді. Көшуден басқа амалымыз жоқ. Мұндай қауіпті бұрын-соңды көрген емеспін. Бөгеттегі су 5 қаланы басуы мүмкін. Өте қорқынышты, - дейді жергілікті тұрғындар.

baq.kz
13 қаңтар 2022 ж. 572 0