Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Колумбиялықтар ұшақпен дельфинді құтқарды

Колумбиялықтар ұшақпен дельфинді құтқарды

Колумбиялықтар жағаға қайырлап қалған дельфиннің жанын сақтап қалды.
Жанын сақтап қана қалған жоқ, оны қолайлы мекенге жеткізген. Бұл үшін қайық қана емес, тіпті ұшақ пайдалануға тура келді. Себебі дельфин мекендеген аумақтың су тартыла бастаған. Егер су жануары осында қалса, өміріне қайта қауіп төнер еді. Сол себепті оны өзге өзенге жеткізді. Амазондық дельфинді құтқару операциясына мал дәрігерлері, құтқарушылар, тіпті әскерилер де қатысқан.
Айта кеткен жөн, амазондық бұл су жануары – өзенде мекен ететін дельфиндердің ең ірісі саналады. Олардың ұзына бойы 2 құлаш, ал салмағы 200 келіге дейін жетеді. Қазір бұл сүтқоректілерге жаппай жойылып кету қаупі де төніп тұр. Оған мекен ету аймақтарының азаюы себеп әрі оларға балықшыларда жау.

24.kz
15 қаңтар 2022 ж. 694 0