Ұлыбритания төрткүндік жұмыс аптасын енгізбекші

Эксперимент 100/80/100 үлгісін пайдаланады. Яғни, 100 пайыз еңбек өнімділігін ескере отырып, жұмыс уақытының 80 пайызы үшін жалақының 100 пайызы төленетін болады. Бұл тәжірибеге қазірдің өзінде 30 компания қатысатыны расталды.
Жоба авторлары төрт күндік жұмыс аптасы қызметкерлердің ынтасын арттырып, психологиялық жағдайын жақсартады деп болжайды. Себебі, басқа жерлерде ұйымдастырылған осыған ұқсас зерттеулер сондай нәтиже көрсеткен. Мысалы, Исландияда жұмыс аптасының қысқаруы қызметкерлерге стресс деңгейін төмендетуге және жеке өмірлерін жақсартуға мүмкіндік берді. Ал Майкрософттың Жапониядағы кеңсесінде жұмыс күндерінің қысқаруы өнімділіктің 40%-ға артуына әкелді.
massaget.kz