Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нидерландыдағы алапат дауыл 3 адамның өмірін қиды

Нидерландыдағы алапат дауыл 3 адамның өмірін қиды

Нидерландының Амстердам қаласында алапат «Юнис» дауылы соғып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz

Дауылдан зардап шеккен тұрғындар тарапынан елдің құтқару қызметіне көптеген хабарламалар келіп түсуде. Полиция азаматтарды үйлерінен шықпауға шақырды. 
Дауылды күткен голландиялық теміржолшылар тәулік бұрын барлық бағыттағы пойыздардың қозғалысын тоқтата тұруға шешім қабылдаған. 
Төнген қауіп пен құтқару қызметінің ескертуіне қарамастан, елдің бірқатар азаматтары теңіз жағалауында серуендеулерін жалғастыруын тоқтатпай тұр.
«Юнис» дауылы қауіпті деп саналады. Ол Бельгия тарихында соңғы отыз жыл ішінде ең күшті дауыл ретінде тіркелген.
20 ақпан 2022 ж. 422 0