Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елорда маңындағы ұшақ апаты: Зардап шеккендердің бірі көз жұмды

Елорда маңындағы ұшақ апаты: Зардап шеккендердің бірі көз жұмды

Елорда маңындағы Ан-2 ұшағының апатының салдарынан зардап шеккен екі адамның бірі көз жұмды,

Апат салдарынан зардап шеккен ер адам қаладағы Темір жол ауруханасында жатқан. Ол ауруханада көз жұмды. Осылайша, ұшақ апатынан құрбан болғандардың саны екі адамға жетті.
Еске сала кетсек, 20 маусымда, сағат 10:00 шамасында Ақмола облысының Целиноград ауданында әуе апаты болды. Ан-2 ұшағы құлап, салдарынан ұшқыш көз жұмды. Сонымен қатар экипаждың екі мүшесі зардап шеккен еді.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
http://stan.kz
21 маусым 2019 ж. 826 0