Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкенттегі жарылыс: Жанармай бекетінің жұмысшысы көз жұмды

Шымкенттегі жарылыс: Жанармай бекетінің жұмысшысы көз жұмды

Шымкентте жанармай бекетінде болған жарылыстан зардап шеккен 20 жастағы Ерлан Анар көз жұмды,

Жас жігіт 11 маусымда кешкі сағат 18:10-да көз жұмыпты. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгенін жасады. Алайда ол өте ауыр жарақат алған. 
«Кеше кешкі сағат 18:10-да көз жұмды. Басы, беті, мойны, денесі, аяқ-қолы күйіп қалған. Ол 3-інші және 4-інші дәрежелі күйік жарақатын алған. Тасымалдауға жарамады. Жасанды тыныс беретін аппаратқа қосылған болатын. Алайда жарақаты өте ауыр болды. Тиісті көмек толықтай көрсетілді. Бірақ денесінің көп бөлігі күйіп қалған», - дейді орталықтың бас дәрігері Мәдина Ермаханбетова.
Еске сала кетсек, 7 маусымда Шымкенттегі "МУРАЗ" компаниясының автогаз толтыру станциясының аумағында газды сақтауға арналған екі бос цистернаның бірі жарылған. Жарылыс салдарынан 1999 жылы туған мекеме қызметкері Ерлан Анардың зардап шеккені хабарланды. Өрт 11.00-де Тассай тұрғын алабындағы газ сақтау қоймасында басталды.
http://stan.kz
12 маусым 2019 ж. 962 0