Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Беларусьта Конституция бойынша мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

Беларусьта Конституция бойынша мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

Беларусьта Конституция бойынша референдумда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды.
Ол 22-26 ақпан аралығында өтеді. 27 ақпан, референдум өтетін күні қатыса алмайтын сайлаушылар алдын ала дауыс бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.
Беларусь аумағында дауыс беруге арналған 5510 учаске құрылды. Брест облысында - 883, Витебск - 714, Гомель - 977, Гродно - 608, Минск - 929, Могилев - 707, Минск - 692. 217 учаске - шипажайларда, демалыс үйлерінде, ауруханаларда және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында, 12 учаске - әскери бөлімдерде.
Сайлау учаскелері сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін және 16.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Сайлаушының өзімен бірге төлқұжаты болуы керек. Бюллетень сондай-ақ әскери билетті (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін), мемлекеттік орган (ұйым) қызметкерінің қызметтік куәлігін, жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде беріледі.
Зейнетақы куәлігі, мүгедек куәлігі (фотосуреті болған жағдайда), студенттік билет бойынша да дауыс беруге болады. Сайлаушы төлқұжатын жоғалтып алған жағдайда өзімен ішкі істер органдарынан азаматтың кім екенін растайтын анықтама алуы керек.
Референдумда бір сұрақ қойылды: Сіз Беларусь Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба? Референдумға қатысушылар тиісінше «қарсымын» және «қарсы емеспін» деген екі белгінің бірін белгілеуі тиіс.
Егер белгі екі жерге қойылса немесе бірде-біреуіне қойылмаса, онда мұндай бюллетень жарамсыз деп танылады. Референдум жалпыға бірдей, еркін, тең және жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Оған 18 жасқа толған азаматтар қатыса алады. Референдумның әрбір қатысушысы жеке өзі дауыс береді. Егер дауыс беруге арналған тізімге енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысса, референдум өткізілді деп есептеледі.

22 ақпан 2022 ж. 642 0