Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда маска режимі аяқталды

Өзбекстанда маска режимі аяқталды

1 наурыздан бастап Өзбекстанда маскаларды міндетті түрде кию туралы талап алынып тасталады. Тиісті шешімді коронавируспен күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі хабар таратқандай, соңғы күндері пациенттерді коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған арнайы жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызу жеті есе азайды.

Бүгінгі таңда аурудың таралуы 0,4%-ды құрайды, бұл эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын көрсетеді.

«Жоғарыда келтірілген ақпаратқа сәйкес, осы жылдың 1 наурызынан бастап азаматтарға ашық ауада, сондай-ақ, азаматтардың әлеуметтік қашықтығын қамтамасыз ету қиын жерлерде, атап айтқанда: қоғамдық көліктерде, ірі сауда орындарында, оқу орындарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде бетпердесіз жүруге рұқсат етіледі», деп хабарлады ведомство.

Бұл ретте мешіттерде, театрларда, кинотеатрларда, музейлерде, өнер сарайларында, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда бетперде кию ұсынымдық сипатта болады.

Ведомство Денсаулық сақтау мекемелерінде бетперде киіп жүру әлі де міндетті екенін қоса хабарлады.
25 ақпан 2022 ж. 678 0