Украинадан ҚР азаматтары мінген үшінші рейс шықты
3 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 22:00-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға Украинадан эвакуацияланған ҚР азаматтарымен үшінші репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонады деп күтілуде, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Ұшақта 133 жолаушы, оның ішінде 2 бала және Қырғызстанның 2 азаматы бар.
baq.kz