АҚШ Қырғызстанмен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қоюға дайын
Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов Мемлекеттік хатшының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зея бастаған АҚШ делегациясымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Синьхуа.
Әңгімелесу барысында тараптар мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады деп хабарлады Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
Э.Байсалов Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың азаматтардың әл-ауқатын және ішкі саяси жағдайды жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып, ел басшылығының АҚШ-пен ынтымақтастықты жандандыруға дайын екенін атап өтті.
Өз кезегінде Узра Зея АҚШ-тың Қырғызстанмен қарым-қатынасын нығайтуға ниет білдіріп, ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қоюға дайын екенін хабарлады.
baq.kz