Оңтүстік Корея далада маскасыз жүруге рұқсат беріледі

Оңтүстік Кореяда таза ауада маска тағу міндеті 2020 жылдың қазанында эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты енгізілді. Маска режимін бұзғандарға әкімшілік айыппұл салынды. Жаңа ережеге сәйкес, егер далада әлеуметтік қашықтық мүмкін болмаса, онда маска тағуға кеңес беріледі. Алайда, 50-ден астам адам қатысатын қоғамдық, спорттық және мәдени шараларда ашық ауада маска тағу міндетті. Оңтүстік Корея COVID-19 жұқтырғандар санының азаюына байланысты коронавирусқа дейінгі өмірге қайта оралып жатыр.