Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыста масканы қалай тағу керек

Қыста масканы қалай тағу керек

Алматы қалалық санитарлық экпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қыста маска тағу талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз бұған дейін де масканы қалай дұрыс тағу керектігін түсіндірген болатынбыз. Бұл біреулерге маска бар деген куәлік үшін тағылмайды. Ол құлақта асылып, иекте тұрмауы керек. Маска ауыз бен мұрынды толық жабуы тиіс. Олай болмаған жағдайда пайдасы жоқ», - деді ол.
Спикер шетелдік мамандардың маска жайлы пікіріне түсінік берді. Бұған дейін бірқатар зерттеушілер суық ауа райында көшеде әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда маска тағудың керегі жоқ екенін айтқан.
«Алматы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті жариялаған маска тағудың шарттары бар. Суық ауа райында көшеде бірнеше адам жүрген жағдайда маска тағу міндеттеледі. Адамның қасында әріптесі, танысы болса, маска тағып сөйлескені дұрыс. Алайда маска суланып кетсе, ол жарамсыз саналады. Суланған масканы 2-3 сағат тағуға болмайды», - деді маман.
Әсел Халықова бірнеше рет тағуға жарайтын шүберек масканы тағуға тыйым салынбағанын айтты. Бұл маскаға да жоғарыдағы талаптар сай келеді.
Департамент басшысының орынбасары сақтық шараларын барынша сақтауға шақырды.
«Ауруды жұқтырып ем іздегенше, ауырмаған дұрыс», - деді спикер.
inform.kz
11 желтоқсан 2020 ж. 859 0