Жаңбырлы күні маска тағу қауіпті ме?

Кэрол Сикора бұл тақырыпта шынымен мәселе көтерген. Бірақ ол масканың ықтимал қаупі туралы айтқан жоқ, тек оны қалай дұрыс қолдану керектігін түсіндірген. Ылғал маска тиімділігін жоғалтады, өйткені су қалыпты ауа ағынына кедергі келтіреді.
«Масканы үнемі ауыстырып отыру өте маңызды, әсіресе олар суланған кезде. Бұл қымбат маскаларға да қатысты», – деді Кэрол Сикора.
Лас қолыңызбен масканы үстасаңыз, мысалы тамақтанар алдында шешсеңіз, оны қайта киюдің қажеті жоқ.
Егер сіз күннің көп бөлігін сыртта өткізсеңіз және медициналық маска киіп жүрсеңіз, онда оны 2-3 сағат сайын ауыстыру керек.
Жаңбырлы ауа-райында маскалар қауіпті емес, бірақ олардың тиімділігі төмендейді.
kyzylorda-news.