Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустан жазылғандарға да маска тағу маңызды

Коронавирустан жазылғандарға да маска тағу маңызды

Коронавируспен ауырған болсаңыз да маска тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстануыңыз керек. Бұл туралы Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, бұған дейін коронавируспен ауырып алған адамдарда расымен антидене қалыптасады. Оның қанша уақытқа жететіні белгісіз. Оны қазір ғалымдар зерттеп жатыр екен. 
Вирусты жұқтырып ауырып алғандарға да маска тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстану қажет. Ол өзіңізді емес, маңайыңыздағыларды қорғау үшін керек. Вирус сіздің ауыз қуысыңызда болып, өзгелерге тарап жатуы мүмкін. Сондықтан маска сізді ғана емес, айналаңызды да қауіпті індеттен қорғайды, - дейді дәрігер. Әлемнің көптеген дәрігерімен кеңесіп тұрамын, олар да маска тағу вирустың таралуын тежейтінін айтып жатыр. Вирус мұрын, көз арқылы енетіні белгілі, егер маска тағып, қорғанып жүрсек, аурудың кең таралуына жол бермейміз. Маска вирустан 100 пайыз қорғамайды, алайда, вирустың аз мөлшерде өтуіне жағдай жасайды. Вирус мөлшері төмен болса, ол ағзаның иммундық қорғанысын қалыптастырады. Яғни, ол вакцина сияқты, кейін көп мөлшердегі вируспен кездескенде ағзамыз онымен күреске дайын болады. Оның тиімділігін дүние жүзі мойындап отыр, - дейді А. Шарман. Оған бірнеше себеп бар, оның бірі балалар бұрыннан тұмаумен ауыруға бейім. Коронавирустың 300-ге жуық түрі бар, міне, балалар осының бір түрімен бұған дейін ауырып үлгеруі мүмкін. Сол себепті оларда иммундық қорғаныс қалыптасады. Бірақ бұл балалар мүлде ауырмайды деген түсінік емес, кейбірінде ауыр түрі өтуі мүмкін, сол үшін ата-аналар мұқият болғаны жөн. Балаларға да маска таққызып, әлеуметтік қашықтықты ұстану керек, - дейді ол.
Сонымен қатар ол маска тағу коронавирустың екінші толқынын бәсеңдетуге көмектесетінін айтты. Сондай-ақ ол 5-12 жас аралығындағы балалар ересектерге қарағанда коронавирусты аз жұқтыру себебін айтты. 
https://baq.kz/
17 қыркүйек 2020 ж. 515 0