Қара нәсілді әйел Ақ үйдің баспасөз хатшысы болды
Бұл туралы Golosameriki сайты жазды.
АҚШ әкімшілігі Ақ үйдің қазіргі баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Джен Псаки шамамен 13 мамырда қызметінен кететінін айтты.
«Мен Карин Жан-Пьердің Ақ үйдің келесі баспасөз хатшысы болатынын мақтанышпен хабарлаймын», – деп таныстырды АҚШ президенті Джо Байден.
Ол осы лауазымды атқарған тарихтағы алғашқы қара нәсілді америкалық әйел.
Псаки отставкаға кету мүмкіндігі туралы өткен жылдың мамыр айында мәлімдеген. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Peacock платформасында шоу жүргізуді бастайды және MSNBC кабельдік желісінің әртүрлі бағдарламалардағы тікелей эфирлеріне қатысады.
Псаки АҚШ-тың 44-ші президенті, демократ Барак Обаманың әкімшілігіндегі Ақ үй мен Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі болды. Ол Ресей және Украина мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі мәлімдемелері үшін кеңінен танымал болды.
baq.kz