Делидегі өрт 27 адамның өмірін қиды

NDTV арнасының хабарлауынша, қаланың батысындағы Мундка метро станциясының маңындағы 4 қабатты үйден өрт шыққан.
Полиция 60-қа жуық адамның құтқарылғанын, іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.
Қайтыс болғандар саны әлі де көбеюі мүмкін.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.